Halyq Uni логотип
×

Алматыда заңсыз жолмен 2,6 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған тұрғын сотталды

Алматылық 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

 Халық үні 29.11.2021 | 14:30
Алматыда заңсыз жолмен 2,6 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған тұрғын сотталды
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласында заңсыз жолмен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру қызметімен айналысқан Г.Белозеровке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу барысында Г.Белозеров 2017 жылдың соңынан 2020 жылға дейінгі кезеңде коммерциялық ұйымдарға жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеден астам сомаға 4 компания арқылы жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру арқылы салық төлеуден жалтару бойынша қызметтер көрсеткені анықталды.

Ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылып, 5 жыл мерзімге экономикалық қызмет саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама