Halyq Uni логотип
×

2023 жылы теміржолшылардың жалақысы міндетті түрде өседі – министр

Теміржол тарифіне түзету енгізу мәселесі қарастырылып жатыр

 Дәурен Ерболат 20.12.2022 | 13:15
2023 жылы теміржолшылардың жалақысы міндетті түрде өседі – министр
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Қазақстан темір жолы» АҚ теміржолшыларының жалақысын өсіруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде министрлік ұлттық компаниямен бірлесіп мәселені қарастырып жатырмыз.

Қазақстан бойынша теміржолшылар арасында мәселе туындап отыр. Басшылардың келесі жылы жалақыны өсіретін ойы бар. Бірақ оның сомасы қазіргі тарифке байланысты. Бір жағынан тарифке түзету белгіленіп жатыр. Тарифті бекітсек, жалақының өсуі соған байланысты. Алайда жалақы келесі жылы міндетті түрде өседі, - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ Қайырбек Өскенбаев теміржолшылардың жалақыны өсіру туралы талабына пікірін айтты.

«Үкімет тарапынан қазақстандықтар неғұрлым көбірек жалақы алсын деп тілеп отырамыз. Бірақ әркім жүкті шамасына қарай көтереді. Сол себепті тариф болмаса, табыс болмаса, ҚТЖ-ны да түсінуге болады. Ақша болмаса, оны қайдан алады? Сондықтан жаңа идеология ұсынылып отыр. «Бізге жаңа тариф керек, жаңа идеологиямен жұмыс істейік – халықтың да жалақысын көтереміз», деп отыр», – деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама