Өйткені банктегі салымдардың сыйақы мөлшерлемесі азайып кеткен
Қазір елімізде көпшілік жиған-тергенін банк депозитіне салудан бас тартып жатыр. Одан гөрі қаражаттарын жылжымайтын мүлікке жұмсағанды тиімді санайды. Өйткені ұлттық валютадағы салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі азайып кеткен. Теңгеге 12,6 пайыз, шетел валютасына небәрі 0,9 пайыз қосылады.
«Астана» телеарнасының хабарлауынша, кибершабуылдардың жиілеуі мен банкроттыққа ұшырау банктерге деген сенімсіздікті күшейте түскен.
Мұнымен экономистер де келіседі. Дегенмен олар бір ғана инвестициялық құралды таңдауға асықпау қажет деп санайды. Айтуларынша, инвестициялық портфель жан-жақты болуы қажет. Оның ішінде акция, депозит, тұрғын үй, алтын, шетелдік валюта болуы мүмкін.
Егер банк депозитімен салыстырсақ, жылжымайтын мүлік тиімдірек. Өйткені банк депозитінде белгіленген нақты пайыздық ставка болады. Қазірдің өзінде кейбір банктер 17 пайызға өсіріп жатыр. Онда да ұзақ мерзімді депозиттер бойынша ғана.
Ал қысқа мерзімді депозиттердің көлемі бәрібір 12-13 ппайыз төңірегінде. Ондай төмен пайыз кірістілік инфляцияны да қуып жетіп жатқан жоқ», - дейді экономист Мақсат Халық.