Halyq Uni логотип
×

«400 млн теңге шығын». Петропавлда компьютерлік техниканың тендерінен дау шықты

Тендерді 30% қымбат ұсынып отырған компанияға бергісі келеді

 Айнұр Шошаева 19.12.2022 | 17:03
«400 млн теңге шығын». Петропавлда компьютерлік техниканың тендерінен дау шықты
Фото: baigenews.kz

Петропавлдағы Киров атындағы компьютерлік техника шығаратын зауыт шенеуніктердің салғырттығынан зардап шегіп, 400 млн теңге шығынға ұшырауы мүмкін. Бұл туралы «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.  

Оның сөзінше, аталған зауыт биыл қазан айында мемлекеттік сатып алу порталында  2 368 компьютер жеткізуге тендер жеңіп алған. 

«Басқа қатысушылар конкурс нәтижесіне шағымдануға тырысты, бірақ жергілікті Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2 қарашада барлығы конкурс талаптарына сәйкес келеді деп шешті. Зауыт жұмысшылары жұмысқа белсене кірісті, компьютерлерге бағдарламалық жасақтама орнатып, жөнелтуге барлық 2 368 техниканы жинады. Алайда конкурста үшінші орын алған жеткізуші (5 адамнан тұратын компания) Ішкі мемлекеттік аудит комитеті арқылы конкурс шешіміне шағымданады», – дейді Смағұлов. 

Шағымда спецификация талаптарына сәйкес, компьютерлер 128 ГБ жадымен болуы керек, ал зауыт жалпы көлемі 1 тб + 128 Гб болатын 2 дискіні (HDD және SSD) жеткізді. Сондай-ақ талап бойынша 2 ГБ графикалық карта болуы керек еді, зауыт 2 ГБ орнатып, оның көлемі «кем дегенде» 2 ГБ  болатынын көрсеткен.  

«Ішкі аудит комитеті осыны негізге алып, конкурстың қорытындыларын жоққа шығарды. Тәуелсіз сот сарапшысы компьютерлердің конкурс талаптарына сәйкес екенін растап қорытынды берді. Алайда Ішкі аудит комитеті ол тапсырысты конкурста 3 орын алған және бағасы 30% қымбат ұсынып отырған компанияға бергісі келеді. Осы орайда, олар екінші орындағы компанияны неге назарға алмағаны қызық. Сондай-ақ ІАК шешімінің нәтижесінде конкурстың құны 164 000 000 теңгеге қымбаттатады. Шенеуніктер әділеттілік пен үнемдеу туралы қашан ойлап еді?» – деді ол. 

Қазір «Әділдік жолы» РҚБ аталған конкурс бойынша материалдарды Антикорға жолдады. 

«Менің ақпаратым бойынша үшінші орынды алып, конкурс нәтижесіне шағымданған компания үш ай бұрын ғана жосықсыз жеткізушілердің тізімінен шыққан. Енді қазір жеткізу үшін Алматыда компьютер іздеп жүр», – деп толықтырды белсенді. 

Айта кетейік, Киров атындағы зауыт үш жылда Қазақстан нарығына 60 мың бірлік компьютерлік техниканы (жеке компьютер, ноутбук пен планшет) жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама