Halyq Uni логотип
×

Арзан әрі жылдам: Сарапшылар Қазақстандағы интернетке баға берді

Орталық Азия елдері арасында еліміздегі интернет әлдеқайда жылдам

 Халық үні 19.12.2022 | 11:35
Арзан әрі жылдам: Сарапшылар Қазақстандағы интернетке баға берді
Фото: ашық дереккөз

Сарапшылар Орталық Азия елдері арасында Қазақстандағы интернетті ең жылдам деп бағалады. Finprom.kz хабарлауынша, салыстырмалы түрде елімізде интернеттің бағасы да арзан.

Ұялы байланыс шығыны жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың тек 1 пайызын құрайды, - дейді сарапшылар.

International Telecommunication Union (ITU) мәліметі бойынша, елімізде Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда мобильді интернет қолжетімді. Мысалы, 2021 жылы Қазақстандағы тариф бойынша мобильді интернет шығыны жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың 1,04 пайызын құраған. Ал Қырғызстанда интернет жылдамдығы Қазақстаннан төмен, алайда шығын жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың 3,11 пайызын құрайды.

Өзбекстан (1,14%) мен Түрікменстандағы (1,17%) көрсеткіш Қазақстанға жақын. Алайда бұл елдерде интернет жылдамдығы Қазақстандағы жағдайға қарағанда әлдеқайда төмен. Тәжікстанда интернет жылдамдығы айтарлықтай нашар, ал ұялы байланыс шығыны 2021 жылы жан басына шаққандағы жылпы ұлттық табыстың 3,02 пайызын көрсетті.

ITU ақпаратына сәйкес, 2021 жылы Қазақстанда тариф құны айына орта есеппен 2 900 (6,89 АҚШ доллары) теңге болды. Бұл қазақстандықтардың шығынының 4,4%-ы.

Дүниежүзілік банктің мәліметінше, жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 2021 жылы Қазақстанда 8 720 долларға тең болды. Қырғызстанда – 1 180 доллар, Өзбекстанда – 1 960 доллар, Тәжікстанда – 1 150 доллар.

Speedtest Global Index мәліметі бойынша, 2022 жылы қыркүйекте Қазақстандағы мобильді интернеттің медианалық жылдамдығы 22,6 Мб/с-қа жетті

Серіктес жаңалықтары

Сараптама