×

«Отбасы банк» банк емес, ұлттық институт болады

Банк жұмысына өзгерістер енгізілмек

 Халық үні 10.03.2022 | 17:15
коллаж: Halyq Uni

Оның негізгі міндеті - республика бойынша азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша тұрғын үй қатынастарын дамыту болмақ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді. 

«Отбасы банк» Қазақстан заңнамасында айқындалған, депозиттерді қабылдау, заңды әрі жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу мен жүргізу, кассалық операциялар, банктік қарыз операциялары, салымшыларға баспана, аралық және алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру сияқты банктік әрі басқа да операцияларды агенттік лицензиясынсыз жүзеге асыратын болады, - деді Дауылбаев. 

Оған қоса, «Отбасы банкі» Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қадағалауынан шығарылады.

Вице-министрдің айтуынша, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бақылау мен қадағалауды сақтайды.

«Сонымен қатар, Отбасы банкі депозиттерді қабылдау, заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу, кассалық операциялар, банктік қарыз операциялары, салымшыларға тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру сияқты ҚР заңнамасында айқындалған шеңберде банктік және басқа да операцияларды агенттіктің лицензиясынсыз жүзеге асыратын болады», - деді ол.

Бұған дейін Отбасы банкі мен БЖЗҚ-ны дүрбелең күтіп тұрғаны белгілі болды. Үкімет депозиттер бойынша сыйақыны алып тастау туралы ұсынысты қабылдамады. Қазақстандықтардың теңгедегі депозиттеріне 10% өтемақы төленеді. Тұрмысы төмен отбасылар үшін баспананы жалға алу құнының жартысын енді мемлекет төлейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54

Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысты
27.05.2023 | 17:08