Ақтөбе облысында қаржы пирамидасының белгілері бар компанияға қатысты тергеу басталды

Халық үні

Ұйымдастырушылар әртүрлі «пакеттерге» ақша қаражатын инвестициялауды ұсынған

көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері Ақтөбе облысында қаржылық пирамида белгілері бар «Crowd 1» компаниясы қызметінің жолын кесті.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өздерін «Crowd 1» халықаралық желілік ұйымы ретінде көрсете отырып, халыққа виртуалды жер учаскелерін сатып алу бойынша құны мен түрлері бойынша әртүрлі «пакеттерге» ақша қаражатын инвестициялауды ұсынғаны анықталды.

Тергеу барысында «пакеттердің» келесі түрлері анықталды - ақ, қара, алтын және титан, олардың құны 99-дан 2 499 еуроға дейін жетеді.

Осылайша, ұйымдастырушылар активтерді компанияға тартуды қамтамасыз етті және кепілдендірілген пайда алуға уәде беріп отырған.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.