×

Қостанай облысында қаржы пирамидасын құрғандарға қатысты қылмыстық іс тіркелді

Кооператив басшылары басқалардың есебінен байыған

 Айнұр Шошаева 10.03.2022 | 10:21
көрнекі фото: yandex.kz

2021 жылы Қостанай облысында қаржы пирамидасын құрған «GАР» өндірістік кооперативінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Кооператив 30 000 теңгеден 480 000 теңгеге дейінгі сомаға жеке тұлғалардың ақшасын тартудан кіріс алу жөніндегі қызметті ұйымдастырған. Алынған қаражат кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмай, активтерді қайта бөлу арқылы кейбір қатысушылар басқалардың жарналар есебінен байыған.

Тінту жүргізу барысында қызметкерлер өндірістік кооперативтің қызметі туралы жарнамалық брошюраларды, салымшылардың тізімін, кооператив пен салымшылар арасында жасалған электрондық форматтағы шарттар алынды.

Қазір бұл іске қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Қалған деректер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының тәртібімен жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама