×

Жылусыз қалған Екібастұзда миллиардтаған қаржыға жол жөнделмек

Келісімшарт бір ай бұрын ғана құрылған

 Ая Өміртай 07.12.2022 | 09:42
Фото: inform.kz

Қақаған қыста жылусыз қалған Екібастұз қаласында қала көшелерін жөндеуден өткізуге 1 530 597  410 теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2022 жылы 11 қараша күні қала көшелерін реконструкциялау бойынша келісімшарт бекіткен.

Әлеуетті өнім жеткізуші – «АлматыЖолҚұрылыс» компаниясы» ЖШС. Бас директоры – Юрий Ча.

Техникалық сипаттамасында жөнделетін жол ұзындығы, нақты атауы туралы мәлімет айтылмаған. Келісім шартта құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы уәкілетті органнан хабарлама алынған күннен бастап он төрт айда басталуы қажет екендігі көрсетілген. Ал шарт бойынша 2022 жылғы орындалған сома көлемі – 651 458 171 теңге.

Жоба үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар есебінен қоса қаржыландыруды қоспағанда, бюджет есебінен қаржыландырылады.

Айта кетелік, Екібастұзда жылу желілеріндегі апат салдарынан он күннен бері тұтас қала жылусыз қалды. Сарапшылар инфрақұрылымның тозығы жеткенін айтса, тұрғындар бұл мәселенің көптен бері айтылып келе жатқанын алға тартады. Кеше Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Екібастұз жылу электр орталығын мемлекет меншігіне беру мәселесі жайында талқыланып жатқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама