Halyq Uni логотип
×

Ақтауда қаржы пирамидасының директоры ұсталды

World Business Consulting компаниясының басшысы құрықталды

 Қымбат Елтайқызы 04.03.2022 | 15:00
Ақтауда қаржы пирамидасының директоры ұсталды
фото: Halyq Uni

Ақтау қаласында қаржы пирамидасы анықталды.

Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша World Business Consulting компаниясына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, – дейді ҚМА.

World Business Consulting компаниясы өзіне сенген азаматтардан жарна қабылдап, 2018 жылдан 2022 жылға дейін тұрақты сыйақы беруді уәде еткен. Шын мәнінде, компанияда заңды кәсіпкерлік қызметтен тұрақты табыс болмаған, ал қатысушылар сыйақысы кейінгі салымшылар қаржысы есебінен төленген.

«Аталған қылмысты жасады деген күдікпен World Business Consulting компаниясының директоры Жеміс Жүгінбаева ұсталды», – делінген ақпаратта.

Былтыр Агенттік аталған қаржы пирамидасының қызметін Алматы қаласында тоқтатқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама