×

Ақша жымқыру: Елімізде заң бұзушылықтар саны 44%-ға артқан

Қазақстан ақша жылыстатумен күресетін елдер рейтингінде 141-ші орында тұр

 Қымбат Елтайқызы 04.03.2022 | 12:00
коллаж: Halyq Uni

Елімізде қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстату бойынша құқық бұзушылықтар саны бірден 44%-ға артқан, деп хабарлайды Halyq Uni ілшісі.

Қазақстан ақша жылыстатумен күресетін елдер рейтингінде 245 ел ішінде тек 141-ші орында тұр, – дейді finprom.kz.

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда елімізде қылмыстық жолмен алынған ақша мен басқа мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша 56 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 43,6%-ға көп. Салыстырсақ, одан арғы жылғы сәйкес кезеңде бұл салада 39 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Яғни, минус 7,1%.

«Өңірлерге келсек, саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың 35,7%-ы немесе 20 жағдай Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Былтыр 1 ғана жағдай болған. Бұған қоса антилидер-өңірлер үштігіне Алматы (11 жағдай) мен Түркістан облысы (4 жағдай) кірді. Бұндай қылмыстық құқық бұзушылықтар еліміздің 17 өңірінің 13-інде тіркеліпті», – делінген ақпаратта.

2021 жылы Қазақстан ақша жылыстатумен күресетін елдер рейтингінде 245 ел ішінде 141-ші орын алды. Рейтингте Швеция, Аланд аралдары мен Финляндия көш бастап тұр. Ең нашар көрсеткіш Иранда тіркелген.

«Сарапшылар мәліметінше, Қазақстан ақша жылыстатудың жоғары қаупіне ие ел санатында қалып отыр. Сондай-ақ еліміз - қаржы қылмыстары үшін осал. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі мен ақша жылыстатуға қарсы іс-қимыл саласында заңның әлсіздігі айтылған», – дейді басылым.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54

Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысты
27.05.2023 | 17:08