Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында 7-сынып оқушысы ешкі фермасын ашты

Болашақта шағын шаруашылықты ірімшік, йогурт шығаратын өндіріс орнына айналдырмақ

 Еркеғали Болатұлы 27.11.2022 | 12:20
Павлодар облысында 7-сынып оқушысы ешкі фермасын ашты
фото: видеодан скриншот

Павлодар облысында 7-сынып оқушысы Тимур Рүстемов ешкі фермасын ашты, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

Қазір жас кәсіпкер қайнатылған сүт өндірумен айналысады. Оның жеке ісін дамытуына әкесі Жасұлан көмек көрсетіп келеді екен.

Жуырда бұл бизнес-идея мемлекет тарапынан да қолдау тапқан. Әке мен бала жоба әзірлеп, мемлекеттік гранттар байқауында жеңіске жеткен. Байқау қорытындысы бойынша кәсіпкер 5 млн теңгенің грантын ұтып алыпты. Сүтті ешкілер сол қаражатқа сатып алынып отыр.

Сонымен қатар, жас кәсіпкер заманауи құрал-жабдықтарға тапсырыс беріп қойған. Болашақта шағын шаруашылықты ірімшік, йогурт сияқты сүт өнімдерін шығаратын өндіріс орнына айналдырмақ. Сондай-ақ Тимур Рүстемов ешкі санын 30-ға жеткізбек.

Қазір бір айда 250 литр ешкі сүтін өндіреміз. Алдағы уақытта өндірістік қуаттылығымызды 1 мың литрге жеткіземіз. Себебі бұл экологиялық таза өнімге сұраныс бар.

Шағын фермамыз үшін блок-модуль мен тоңазытқыштарға тапсырыс беріп қойдық. Ісіміз өрге басады деген ойдамын», - дейді жас кәсіпкер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама