×

Петропавл әкімдігі 32 миллион теңгеге екі аялдама сатып алғалы отыр

Бұның алдындағы екі жылу аялдамасын жауып тастаған

 Еркеғали Болатұлы 25.11.2022 | 11:45
фото: Петропавл қ. әкімдігінің ресми сайтынан

Петропавл қаласының әкімдігі мемлекеттік сатып алу порталында 32 миллион теңгеге екі автобус аялдамасын сатып алатындарын хабарлады. Ал бұл қаржыға Астананың өзінен 2-3 бөлмелі пәтер сатып алуға болады.

Жалпы, Петропавл қаласының көшелерінде бұған дейін де 2 жылы аялдама болған. Оларды орналастырған жеке кәсіпкердің бизнесі іске аспай қалған соң, екеуін де жауып тастаған. Ал жергілікті әкімдік өкілдері порталдағы жаңа байқау мен мұның арасында ешқандай байланыс жоқ деп отыр.

Әкімдік қалада дайын тұрған жылы аялдамаларды сатып алмайды. Олар – жекенің қолындағы нысандар. Ал жаңа аялдамалардың біреуі қала орталығына, екіншісі Береке шағын ауданына орнатылады. Әзірге екеуін қоямыз. Кейін көре жатамыз, - деді ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Негізінен Петропавлдағы жылы аялдамалар бастамасы осымен үшінші рет көтеріліп отыр. Бұған дейінгілері іске аспаған соң, қала тұрғындарының бұл бастамадан көңілі қалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама