«Самұрық-Қазына», «Самұрық-Энерго» және ҚТЖ мемлекетке 3,8 млрд теңге залал келтірген
Антикор ұлттық компанияларға қатысты тексеру жүргізіп жатыр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Самұрық-Қазына», «Самұрық-Энерго» және «Қазақстан темір жолы» ҰК басшылығына қатысты жеке компаниялардан пайда алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша тергеу жүргізуде.
Тексеру барысында аталмыш компаниялардың мемлекетке аса ірі мөлшерде - 3,8 млрд теңге сомасында залал келтірілгені анықталған.
«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы 2008 құрылды. Қордың жалғыз акционері - Қазақстан Үкіметі. Қор Қазақстанның ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеті жүктелген инвестициялық холдинг.
ҚТЖ - Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және жаһандық инфрақұрылымдық ықпалдасу міндетімен көлік-логистикалық холдинг.
«Самұрық-Энерго» АҚ 2007 жылы 10 мамырда тіркелді. Қазір компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына».