×

Ақмола облысында бір ғана қаржы пирамидасына 2 мыңнан аса адам алданған

Шығын көлемі 18 миллион теңгеден асады

 Динара Амантай 24.11.2022 | 12:15
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысының 2 мыңнан аса азаматы «River Coins Limited» қаржы пирамидасынан зардап шеккен. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті «River Coins Limited» қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ұзақ уақыт бойы желілік маркетингпен айналысып келген Г.У. Оралбаеваның қаржылық пирамида жүйесі негізінде жеке тұлғалардан ақша тарту арқылы табыс табу мақсатында компания құруға бел буғаны анықталды.

Оралбаеваның «River Coins Limited» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша заңсыз әрекеттерінің салдарынан 2 мыңнан аса жеке тұлға тартылған. Оларға келтірілген шығын көлемі 18 миллион теңгеден асады.

Сот шешімі бойынша Оралбаева қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама