Halyq Uni логотип
×

Оқушыларға ноутбук сатып алу: Түркістан облысында 2,5 млрд теңге жымқыру дерегі анықталды

Адам әлеуетін дамыту басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Халық үні 26.11.2021 | 14:45
Оқушыларға ноутбук сатып алу: Түркістан облысында 2,5 млрд теңге жымқыру дерегі анықталды
көрнекі фото: didaktor.ru

Түркістан облысында қашықтықтан оқыту үшін ноутбуктер жеткізу кезінде 2,5 млрд теңгеден қаражатты жымқыру дерегі анықталды.

Пандемия кезінде Қазақстандағы оқушылардың қашықтан білім алуын толық қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарына 220 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алынды.

Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысында «МТ-Сервис» ЖШС басшысына және облыс әкімдігінің Адам әлеуетін дамыту басқармасының лауазымды тұлғаларын қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

«МТ-Сервис» ЖШС директоры Түркістан облысы әкімдігінің «Адам әлеуетін дамыту басқармасы» ММ-мен 3,4 млрд теңгеден астам сомаға 21 мың дана ноутбук жеткізуге шарт жасасты.

Алайда, 2,5 млрд теңгеден астам сомаға жеткізілген тауарлар тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес келмеген.

Қазір кәсіпорын директоры Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталды және оған қатысты тергеу соты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын қолданды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама