×

Алматы облысында көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері парамен ұсталды

Олар жүргізушілерден жүйелі түрде пара алып отырған

 Қымбат Елтайқызы 03.03.2022 | 10:45
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз қызметінің жолы кесілді.

Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті және Талдықорған көлік прокуратурасымен бірлесіп, Алматы облысы көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері заңсыз қызметінің жолын кесті.

Бөлім басшысы мен оның екі қызметкері 2021 жылдың басынан бастап 2022 жылғы ақпанға дейін кәсіпкерлерден автомобиль жолдарында кедергісіз жүріп өткені әрі оларды әкімшілік жауапқа тартпағаны үшін жүйелі негізде 50 мыңнан 280 мың теңгеге дейін пара алған, – дейді Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері құрықталып, Талдықорған қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілерге қатысты түпкілікті үкімді олардың кінәсін анықтай отырып, сот шығарады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама