Жұмысшылардың жалақысын төлемеген 719 кәсіпорынға айыппұл салынды
17 мыңнан астам жұмысшыға 4 млрд теңгеден астам қаржы төленді
Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 781 кәсіпорнының 18,9 мың жұмыскер алдында 4 млрд 359,2 млн теңгеден астам (жалақы) берешегі барын анықтады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 719 нұсқама беріліп, 130,1 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 17,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд 234,1 млн теңге төленді.