×

Отбасы банк ел қазынасынан 5,1 млрд теңге несие алатын болды

Үкімет қаржылық ұйымға 80 ай жеңілдік мерзімін ұсынып отыр

 Еркеғали Болатұлы 20.11.2022 | 11:42
Фото: redtram.com

Ол қаржы 564 пәтерді ипотекаға беруге жұмсалмақ.

Қаулы жобасымен көпшілікке ашық үкімет порталында танысуға болады. Онда бюджеттік несиенің баспана кезегінде тұрған азаматтарға жылдық 5 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен тұрғын үйді, оның ішінде пилоттық жобалар шеңберінде сатып алатын алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін жұмсалатыны айтылған.

Банктің өзі несиені 20 жыл мерзімге жылдық 0,15% сыйақы мөлшерлемесімен алады. Қарыз теңгемен беріледі.

Ал Үкімет Отбасы банкіне 80 ай жеңілдік мерзімін ұсынып отыр. Демек, бұл қаржылық ұйым қарызын 2029 жылдан бастап жылына 1 млн теңге төлеп өтейді. Несиелеу жұмыстарына Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері жауапты болып бекітілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама