Бұдан былай бүкіл табиғи байлығымыз халыққа тиесілі болады - Президент
Бұл маңызды ереже Конституцияда бекітілген
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның басты байлығы туралы айтты, деп хабарлады Halyq Uni Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Студенттермен және жас ғалымдармен кездесуінде ол жеріміздің алуан түрлі ресурстарға бай екенін, Қазақстанның жер қойнауында бүкіл периодтық жүйе бар екенін атап өтті.
Бұдан былай Қазақстанның бүкіл табиғи байлығы халыққа тиесілі болады. Бұл маңызды ережені Конституция деңгейінде бекіттік, - деді мемлекет басшысы.
Алайда еліміздің ең басты байлығы адам екенін де ескерді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондықтан халықтың өз қарым-қабілетін іске асыруына барлық қажетті жағдайды жасау – мемлекет үшін басты шарт екенін алға тартты.