×

«Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары 50 мың доллар пара алғаны үшін ұсталды

Тағы бір оператор 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені үшін әшкере болды

 Думан Қырықбаев 01.03.2022 | 11:35
фото: «Нұр Жолы» кеден бекеті

Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекетінің жолы кесілді

28 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментімен бірлесіп Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Тексеру нәтижесінде мәселелерді оңтайлы шешкені үшін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара беру фактісі құжат түрінде рәсімделгені анықталды.

Аталған факті бойынша «Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды. Оған қоса, уәкілетті экономикалық операторлардың бірінің өкілі тексерушілерге 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені, ірі көлемде тауар контрабандасын жасырғаны үшін ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қаңтар айынан бастап Бас прокуратура қызметкерлерінің басшылығымен кеден бекеттерінде уәкілетті экономикалық операторлардың қызметіне тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама