Қостанайда 1,3 млрд теңге жымқырған екі шаруа қожалық иесі сотталды

Халық үні

Олар Арқалық шаруаларына сатылған бидай мен арпадан түскен ақшаны жымқырған

көрнекі фото: vlast.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында ауыл шаруашылығы саласындағы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Н.Тілеубаев есімді азамат С. Сүлейменовпен және А. Шәмшадиновпен алдын ала сөз байласып, Қостанай облысы Арқалық өңірінің 70-тен астам шаруа қожалық басшыларына сатылған бидай мен арпадан түскен ақшаны жымқырған.

Н. Тілеубаев және директор А. Шәмшадинов «Зерновой Пул Казахстана-К» ЖШС атынан Арқалық өңірінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгеге 21 мың тоннадан астам бидай мен арпа сатып алуға кейінге қалдыру шартымен үлгілік шарттар жасасқан.

Н.Тілеубаев астықты иеленіп, «Зерновой Пул Казахстана-К» ЖШС-ның төлем қабілетсіздігі туралы жалған құжат жасаған. Сосын Қазақстаннан тыс жерлерде ақша қаражатын заңдастырды, оларды «GrainExport-NS» ЖШС кәсіпорнының айналым капиталына енгізді.

Алаяқтық әрекеттері үшін Н.Тілеубаев 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды, С.Сүлейменов және А. Шәмшадинов – 5 жылға сотталды.