Қазір Қазақстанда 230 микроқаржы ұйымы бар
Кепілсіз тұтынушылық несие алған азаматтардың уақытында қайтармаған берешегін коллекторлық агенттіктерге беруге заң арқылы тыйым салынуы мүмкін.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұрғындардың құқығын қорғау үшін жаңа талап енгізілетінін хабарлады. Ведомство қазір кепілсіз несиенің көбеюіне байланысты, онлайн несие беруді 45 күнге 50 АЕК-ке, яғни 153 мың теңгеге дейін шектеуді жоспарлап отыр. Өйткені елде 50 АЕК-ке дейін онлайн несие алып, қайтармай жүргендер 380 мыңға жеткен.
Жалпы, биыл 8 айда 434 мың азамат қарызын 90 күн өтсе де қайтармаған. Олардың берешегі 71 млрд теңгеден асқан. Қазір Қазақстанда 230 микроқаржы ұйымы бар. Оның 30-ы тұрғындарға онлайн несие береді.