×

Елімізде наурыздан бастап темекі қымбаттайды

1 наурыздан бастап темекінің ең төмен бағасы 550 теңге болады

 Халық үні 28.02.2022 | 12:00
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Қаржы министрінің бұйрығымен фильтрлі, фильтрсіз темекілер мен папиростардың ең төмен бөлшек сауда бағасы белгіленді. Фильтрлі, фильтрсіз 20 темекі және папиростардың ең төмен бағасы:

  • 2022 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымды қоса алғанда – 550 теңге;
  • 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – 570 теңге;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 600 теңге болады.

Бұйрық 2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетсек, 2020 жылы Қазақстанда «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» кодексіне өзгеріс енгізіліп, темекі өнімдерін сатуға болатын жас 18-ден 21-ге көтерілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама