Halyq Uni логотип
×

Көкшетауда қаржы пирамидасын құрған шенеуніктер бес жылға сотталды

Солардың кесірінен 80 адам 30 млн теңгесінен айырылған

 Дастан Жұмабекұлы 01.11.2022 | 10:51
Көкшетауда қаржы пирамидасын құрған шенеуніктер бес жылға сотталды
фото: ашық дереккөз

Көкшетауда қаржы пирамидасын құрған шенеуніктер бес жылға сотталды.

Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады.

26 қазанда Көкшетауда қаржы пирамидасы туралы резонанстық қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. WhatsApp арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі басшы әрқайсысы бес жылға бас бостандықтарынан айырылды, – делінген хабарламада.

Шенеуніктердің кесірінен барлығы 80 адам зардап шеккен. Жалпы келтірілген залал – 30 млн теңге болған. Сотталушылар сот үкімі бойынша зардап шегушілерге ақшаны қайтаруға міндетті.
Сотталушыларға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға 7 жылға тыйым салу түрінде қосымша жаза тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама