Halyq Uni логотип
×

Қаржы министрі Қазақстанның сыртқы қарызын АҚШ, Еуропа елдерімен салыстырды

Ерұлан Жамаубаев бюджет тапшылығы мен сыртқы қарызға қатысты түсінік берді

 Халық үні 26.10.2022 | 11:06
Қаржы министрі Қазақстанның сыртқы қарызын АҚШ, Еуропа елдерімен салыстырды
фото © Нұрдәулет Әбікеев

Вице-премьер - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстандағы бюджет тапшылығы келесі жылы 2,7 пайызға дейін төмендейтінін айтты.

«Жыл сайын жалпы ішкі өнімге шаққанда бюджет тапшылығын азайтып отырмыз. Биыл 3,3 пайыз болса, келесі жылы 2,7 пайызға дейін түседі. Одан кейінгі жылдары 2,5 пайызға дейін азаяды. Экономикамыз өсіп келеді. Сонымен қатар қаржыландыратын бағыттар көп екенін ескерсек, бюджет тапшылығы болады», - деді вице-премьер.

Вице-премьердің айтуынша, Қазақстандағы бюджет тапшылығы әлемдік ауқыммен салыстырғанда соншалықты көп емес.

«Біздегі бюджет тапшылығы әлемдік ауқыммен салыстырғанда (жалпы ішкі өнімге қатысты 3,3 пайыз) соншалықты көп емес. Мұнымен қоса, біздің сыртқы қарыз 24 пайыздан (жалпы ішкі өнімге шаққанда) аспайды. АҚШ, Еуропа елдерінің сыртқы қарызы 100 пайыздан асып кетеді», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама