Halyq Uni логотип
×

Тұрмыстық техниканың жалған сертификатын жасағандар жазаланды

Құжаттарды тиісті сынақсыз берген сертификаттау органының жұмысы тоқтады

 Халық үні 23.02.2022 | 15:30
Тұрмыстық техниканың жалған сертификатын жасағандар жазаланды
фото: ашық дереккөзден

Қырғызстан Аккредиттеу орталығының бұйрығымен Бішкек қаласындағы «ИнтерСерт» ЖШҚ сертификаттау органының жұмысы толық тоқтатылды.

Бұған дейін қазақ пен қырғыз тараптары «сұр» сертификаттармен күресу бойынша екі жақты жоспарға қол қойған болатын, – дейді Қазақстанның Техникалық реттеу және метрология комитеті.

Өйткені заңсыз берілген құжаттар салдарынан тұрмыстық техниканың қазақстандық ірі сатушысы жауапқа тартылды. Бұған қоса осындай жағдай жиіледі.

Осылайша, жедел екі жақты өзара іс-қимыл нарықты қауіпті тауарлардан қорғауға мүмкіндік берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама