×

Назарбаев мектебінің бюджеті мемлекеттік мектептен кемінде 10 есе көп

Назарбаев мектептеріне алдағы үш жылда 100 млрд теңгеден артық ақша бөлінеді

 Бауыржан Мұқанов 21.10.2022 | 10:44
Коллаж: Halyq Uni

2023-2025 жылдары Назарбаев зияткерлік мектептерін қаржыландыруға республикалық бюджеттен 100 449 732 теңге бөлінді, деп жауап берді Оқу-ағарту министрлігі Halyq Uni басылымының ресми сауалына. 

Министрліктің мәліметінше, НЗМ-ға бюджеттен 2021 жылы 33 463 736 теңге, 2022 жылы 35 217 145 мың теңге бөлінген.

Республикалық бюджет комиссиясының шешіміне сәйкес және «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында Назарбаев зияткерлік мектептерін қаржыландыруға 100 449 732,0 мың теңге көзделген, онын ішінде:

  • 2023 жылға – 32 874 165,0 мың теңге;
  • 2024 жылға – 33 971 483,0 мың теңге;
  • 2025 жылға – 33 604 084,0 мың теңге қарастырылған.

НЗМ ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан бойынша 21 мектебі және Астанада ақылы тағы 1 мектебі бар. Жылдық бюджетке шаққанда бір Назарбаев зияткерлік мектебіне 1 677 006 905 теңге бөлінеді. 

Бір қызығы, жалпы білім беретін мемлекеттік мектердердің бюджеті НЗМ бюджетінен бірнеше есе аз. Қазақстанда 7550 орта білім беретін мемлекеттік мектеп болса, олардың жылдық бюджеті 1 189 644 861 000 теңге. Яғни, бір мектепке шамамен 157 568 856 теңгеден келеді. 

Яғни, НЗМ мен мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің бюджетінің арасындағы айырмашылық 10,6 есе. Ал мемлекеттік мектептердің арасында үш ауысымды оқу орындарының бар екені, ал көбіндегі оқушылар саны Назарбаев мектептеріндегіден көп екенін ескерсек, бюджет айырмашылығы бұдан айтарлықтай көп екені белгілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама