×

Қарағанды облысында қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Қылмыстық схема бойынша, адамдардан 200 мың теңгеден 25 млн теңгеге дейін инвестиция тарту керек болды

 Қымбат Елтайқызы 22.02.2022 | 17:44
коллаж: Halyq Uni

Қарағанды облысында қаржы (инвестиция) пирамидасының жолы кесілді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысының қаржы пирамидаларды жою туралы тапсырмасын орындау аясында Қарағанды облысы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері Қарағанды және Теміртау қалаларында қаржы (инвестиция) пирамидасының құрылу және қызмет ету фактісінің жолын кесті, – дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Қылмыстық схема бойынша, азаматтардан 200 000 теңгеден 25 000 000 теңгеге дейін инвестиция тарту керек болды. 1 айдан 1 жылға дейінгі мерзімде салым сомасының 10% мөлшерінде төлемдер уәде етілді.

«Тергеу барысында пирамида ұйымдастырушыларының Instagram арқылы басқа салымшылар кірістерін жалған жарнамалау жолымен ақша тартумен айналысқаны анықталды», – дейді ҚМА.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 217-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты 2 айға дейінгі мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Президент Төтенше жағдайлар министрін тағайындады

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды
10.06.2023 | 15:14

Үржар ауданында 2,6 млрд теңге жұмсалған су құбырлары толық тартылмаған

Жұмыс орындалып, бөлінген сома толық игерілді деген актіге қол қойылған
10.06.2023 | 14:24

«SCAT» компаниясы Пәкістанға әуе рейстерін ашады

Әуе кемелері аптасына 2 рейс жиілігімен ұшады
10.06.2023 | 13:18