Алдағы уақытта көлік, теміржол инфрақұрылымы, тау-кен компаниялары қайтарылады
Президенттің тапсырмасымен құрылған Экономиканы демонополизациялау комиссиясы 9 компанияны немесе компаниядағы үлесті мемлекетке қайтарды, деп мәлімдеді Қаржы министрлігі Halyq Uni редакциясына берген ресми жауабында.
Министрлік мәліметінше, Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия жұмысының шеңберінде телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, экология және т.б. салаларда жеке монополияларды (олигополияларды) болдырмау мақсатында сыйға тарту шарттары бойынша республикалық меншікке мына компаниялардағы акциялардың пакеттері мен қатысу үлестерін қайтарды:
Алдағы уақытта тағы қандай компаниялар мемлекетке қайтарылады деген сұрағымызға министрлік көлік, теміржол инфрақұрылымы, тау-кен өнеркәсібі салаларындағы компаниялардың қайтарылатынын мәлімдеді. Алайда нақты тізімі әзірге белгісіз көрінеді.