Әжелердің құлағынан сырға жұлған алматылық ұсталды
Ол қамауға алынды
37 жастағы қарақшы көшеде өтіп бара жатқандардан ұялмай, әжелерге шабуыл жасаған. Кей жағдайда оның іс-әрекетін бейнебақылау камералары түсіріп алған.
Қаскөй өзіне қарсы тұра алмайтын, 60 жастан асқан әйелдерді ғана тонаған. Күдікті қамауға алынды. Бұл – 37 жастағы Б. есімді азамат. Еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болған азамат әжелердің сырғаларын ломбардқа тапсырып, одан түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын айтты. Аталған дерек бойынша көп эпизодты қылмыстық іс қозғалып жатыр, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Белгілі болғандай, Түркістан облысының тумасы Алматыға жұмыс істеуге келген. Қалада жалдамалы пәтерлерде тұрған. Ол бұрын да осыған ұқсас қылмысы үшін сотты болған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал тергеушілер оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.