Шетелден 173 млн АҚШ доллар қайтты
Мемлекет басшысының 5 шілдедегі № 908 Жарлығымен Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылдыған еді. Оның құрамына құқық қорғау жəне арнаулы органдардың, сондай-ақ бірқатар орталық атқарушы органдар мен ұйымдардың бірінші басшылары кіреді. Комиссия Үкімет актілерін жəне сот шешімдерін, оның ішінде мемлекеттік активтерді олигополиялардың пайдасына жекешелендіру жəне иеліктен шығару туралы шешімдерін зерделеп жатыр, деп жауап берді Бас прокуратура Halyq Uni ресми сауалына.
Бас прокуратураның мәліметінше, комиссияның қызмет етуі кезеңінде мемлекетке жалпы сомасы 523 млрдтан астам теңгеге келтірілген залал өтеліп, активтер қайтарылған. Атап айтқанда:
«Комиссияға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдар талдамалық жəне тексеру іс-шараларын жүргізуде, олар туралы ақпаратты ашу Кəсіпкерлік кодекстің жəне «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Заңның талаптарымен шектелгенін хабарлаймыз», – делінген ведомствоның хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, жекелеген мəліметтер нақты қылмыстық істерді тергеп-тексерушеңберінде тексерілуде жəне анықталуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сəйкес тергеу мүддесіне сəйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.