Halyq Uni логотип
×

Мемлекетке 523 млрд теңгенің активі қайтарылды

Шетелден 173 млн АҚШ доллар қайтты

 Бауыржан Мұқанов 11.10.2022 | 16:02
Мемлекетке 523 млрд теңгенің активі қайтарылды
Фото: Бас прокуратураның ресми сайтынан

Мемлекет басшысының 5 шілдедегі № 908 Жарлығымен Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылдыған еді. Оның құрамына құқық қорғау жəне арнаулы органдардың, сондай-ақ бірқатар орталық атқарушы органдар мен ұйымдардың бірінші басшылары кіреді. Комиссия Үкімет актілерін жəне сот шешімдерін, оның ішінде мемлекеттік активтерді олигополиялардың пайдасына жекешелендіру жəне иеліктен шығару туралы шешімдерін зерделеп жатыр, деп жауап берді Бас прокуратура Halyq Uni ресми сауалына.

Бас прокуратураның мәліметінше, комиссияның қызмет етуі кезеңінде мемлекетке жалпы сомасы 523 млрдтан астам теңгеге келтірілген залал өтеліп, активтер қайтарылған. Атап айтқанда:

  • қылмыстық істерді тергеп-тексеру аясында мемлекетке шамамен 518 млрд теңге, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан – 173 млн АҚШ доллары өтелді;
  • прокурордың актілері бойынша мемлекет кірісіне 5 млрд теңгеден астам сомаға 75 мың га жер қайтарылды;
  • 600-ден астам теміржол жəне оларға қатысты жер телімдері қайтарылды.

«Комиссияға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдар талдамалық жəне тексеру іс-шараларын жүргізуде, олар туралы ақпаратты ашу Кəсіпкерлік кодекстің жəне «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Заңның талаптарымен шектелгенін хабарлаймыз», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, жекелеген мəліметтер нақты қылмыстық істерді тергеп-тексерушеңберінде тексерілуде жəне анықталуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сəйкес тергеу мүддесіне сəйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама