Қостанай облысында мемлекет бюджетінен 7,3 млн теңгеден астам қаражат жымқырған бас бухгалтер сотталды
КМК бас бухгалтері 3 жылға бас бостандығынан айырылды
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауылындағы «Әулиекөл ауданының ветеринариялық станциясы» КМК-да бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады.
Ветстанцияның бас бухгалтері Ж.Ақмурзина қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жеке шотына және ветстанция қызметкерлерінің карточкалық шотына заңсыз қаражат аударған.
Төлемдердің негізі «құрылыс қызметтері үшін төлем» деп көрсетілгенмен, қызмет көрсету бойынша растайтын құжаттар болмаған.
Нәтижесінде бас бухгалтер Ж.Ақмурзина мемлекеттік бюджеттен 7,3 миллион теңгеден астам қаражат жымқырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.