×

Мектеп, колледж, универ: Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Түрлі кәсіптік оқыту курстарының бағасы 15,6% өсті

 Халық үні 06.10.2022 | 11:33
фото © Алиакпар Қадырбаев

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттағанын хабарлады.

Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы 2021 жылғы тиісті аймен салыстырғанда 13,8% көтерілді. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары өсім.

Мектеп пәндері бойынша білім беру орталықтары қызметінің ақысы бір жылда 10,2% артқан.

Колледжде білім беру төлемі – 19,5%, жоғары оқу орындарында 16,3% қымбаттаған.

Түрлі кәсіптік оқыту курстарының бағасы 15,6% өсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама