Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда қанша адамның байлық салығын төлейтіні хабарланды

Елімізде сән-салтанат салығын төлеуге тиіс 720 адам бар

 Халық үні 06.10.2022 | 10:27
Қазақстанда қанша адамның байлық салығын төлейтіні хабарланды
көрнекі фото: fullpicture.ru

Меншігінде қымбат үйі бар азаматтардың басым бөлігі республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада тұрады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарланды.

Қазақстанда сән-салтанат салығын енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Ол қымбат жылжымайтын мүлік объектілерін, көлік құралдарын сатып алу кезінде алынады және орта тапқа әсер етпейді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұл мәселе әлемдік тәжірибені ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігі жанындағы салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде қарастырылатын болады.

Қазір жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша осы салықты есептеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ айқындайтын құнға байланысты салық мөлшерлемелерінің прогрессивті шкаласы белгіленген. Сол сияқты, көлік құралдары салығы бойынша қозғалтқыштың көлеміне байланысты салық мөлшерлемелерінің прогрессивті шкаласы белгіленген. Мәселен, 2021 жылы жеке тұлғалардың мүлік салығының сомасы 3,8 млн салық төлеушіден 15,3 млрд теңгені құрады.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ ұсынған бағалау құнына сәйкес салық төлеушілердің негізгі саны - 3,0 млн адам немесе 78,4% құны 4 млн теңгеге дейінгі мүліктің иелері болып есептеледі. Сонымен бірге бағалау құны жоғары салық салу объектілері бар. Мәселен, құны 100 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік иелерінің саны 720 адамды құрады, оларға жалпы алғанда 610 млн теңге мүлік салығы есептелді. Мұндай меншік иелерінің негізгі бөлігі республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада – 649 адам немесе 90,1% тұрады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама