Halyq Uni логотип
×

ОСК референдумға бөлінген 1,6 млрд теңгені бюджетке қайтарады

Қаражаттың 10 пайызы үнемделді

 Дастан Жұмабекұлы 04.10.2022 | 16:19
ОСК референдумға бөлінген 1,6 млрд теңгені бюджетке қайтарады
фото: ашық дереккөз

Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумды өткізуге бөлінген 16,5 млрд. теңгеден 1,6 млрд. теңгені республикалық бюджетке қайтарды. 

Қаражат мемлекеттік сатып алуларды оңтайландыру және сайлау комиссиялары мүшелерінің  жұмысқа шығу күндерінің есебінен үнемделді, –  делінген хабарламада

Бүгін Үкімет отырысында «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдумды өткізуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 309 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» тиісті қаулы қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама