Ол қазақ билігіне «Z» және «V» белгілері үшін отпен ойнамау керектігін ескертті
Ресейдің «СПРАВЕДЛИВАЯ РОССИЯ – ЗА ПРАВДУ» партиясының төрағасы, осы партияның Мемлекеттік думадағы фракциясының жетекшісі, депутат Сергей Миронов Қазақстанда орыс этностарына қысым көрсетіліп жатқанын айтып, ескерту жасады.
Бұл туралы ол өзінің mironov.ru сайтында мәлімдеді.
Ол елімізде «Z» және «V» белгілеріне тыйым салынып, «русофобияның» кең етек алып жатқанын, сол себепті қазақ билігіне Украинадағы жағдайды қайталамау үшін отпен ойнамау керектігін ескертті.