×

АҚШ Тайвань үшін соғысуға дайын отыр

Дегенмен ол «Бір Қытай» қағидатын қолдайтынын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 27.09.2022 | 16:54
фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Джо Байден «CBS» телеарнасының «60 секунд» бағдарламасында Қытай Тайваньға шабуыл жасаса өздерін-өздері жариялаған арал мемлекет үшін соғысуға дайын екенін мәлімдеді.

Бағдарламаның жүргізушісі Скотт Пеллидің «Егер қытай әскері Тайваньға шабыл жасаса, америкалық әскерилер соғысқа араласа ма?», деген сұрағына АҚШ президенті: «Иә», деп жауап берді.

Дегенмен ол осы кезге дейін АҚШ пен Қытай арасында жасалған барлық келісімшарттардың бұзылмайтынын, Құрама штаттар «Бір Қытай» қағидатын қолдайтынын, алайда соғыс бола қалған жағдайда Тайвань үшін ҚХР-мен соғысуға дайын екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама