Ердоған референдумды мойындамайтынын айтты
Түркия ұстанымын ашық білдірді
Түркия Украинаның Донецк, Луганск, Херсон облыстары мен Запорожьеде Ресейге қосылу туралы өткен референдумға қатысты өз ұстанымын білдірді.
Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Реджеп-Тайып Ердоған бастаған Анадолы елінің жалған реферундумды мойындамайтынын айтты.
Біз Қырымның аннексиясын мойындамаймыз. Бұл туралы Ресейге айтып келеміз. Біз Донецк, Луганск, Херсон облыстары мен Запорожьедегі референдумдарға алаңдаушылық білдірдік. Оларды мойындамайтынымызды айттық, – деді СІМ басшысы.
Жұма күні Украинаның шығысында және оңтүстік-шығыс облыстарында Ресейге қосылу туралы референдум басталған болатын. Оның қорытындысы 27 қыркүйекте белгілі болады.