Halyq Uni логотип
×

Батыс Ресейге референдум үшін санкцияны күшейтті

Байден жалған таңдаудың құны көк тиын екенін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 26.09.2022 | 12:04
Батыс Ресейге референдум үшін санкцияны күшейтті
фото: rbc.ru

АҚШ президенті Джо Байден Құрама Штаттардың өз одақтастарымен бірге Ресейге украин жеріндегі жалған референдумы үшін күшейтілген санкция салатынын мәлімдеді.

Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Ол Ресейдің Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарында жүргізген референдумдарының құны көк тиын екенін айтты.

Олар заңсыз, жалған шаралар. Сондықтан бұл әрекет Ресейге жедел және күшті экономикалық қысымдар жасауға басты себеп болады.

Құрама Штаттар украин территориялары Украинаның бір бөлігі деп санайды.Ешқашан оларды өзгенің жері деп мойындамайды. Ресей референдумдары жай фиксия, жалған себеппен Украинаның бір бөлігін күшпен өзіне қосып алудың амалы ғана. Бұл халықаралық құқықтарды, соның ішінде БҰҰ жарғысының талаптарын бұзу.

Біз өзіміздің одақтастарымызбен және әріптестерімізбен бірге Ресей үшін қосымша жылдам да қуатты экономикалық соққы жасау жөнінде жұмыс істейтін боламыз, – деді ол.

Оның айтуынша, АҚШ Украинаға одан әрі де әскери көмек көрсетуді жалғастыра береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама