Лукашенко Беларусьте мобилизацияның болмайтынын айтты
Біз елімізге қауіп төнсе ғана соғысамыз, – деді ол
Беларусь президенті Александр Лукашенко елде мобилизацияның, яғни әскерге жұмылдырудың болмайтынын айтты.
Бұл туралы «Белта» агенттігі хабарлады.
Лукашенконың айтуынша, оның оппоненттері «Беларусьте Ресейге ұқсас мобилизация жасауы мүмкін» деген әңгіме таратып жатыр.
Осыған байланысты Лукашенко Беларуське қауіп төніп, лаңкестік әрекет жаслса ғана міндетті түрде жауап беретінін, бірақ шетелдегі соғыстарға араласпайтынын атап өтті.
Біз елімізге қауіп төнсе ғана соғысамыз, – деді ол.
Александр Лукашенко әлемде ақпараттық соғыстың болып жатқанын ескертті.