Ол - Үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласып кету қаупін туғызып отырған соғыстың негізгі дем берушісі
Ресейдің ақпарат құралдары Владимир Путиннің әскерді ішінара жұмылдырудан кейін жасайтын қадамдарын жазып жатыр.
Бұл туралы «Генерал СВР» Telegram-арнасы хабарлады.
Ресей президенті елде ішінара мобилизация жариялағанын хабардар етті. Бірақ ақпарат құралдары оның толық жұмылдырудан айырмашылығы жоқ екенін айтып отыр. Олардың деректеріне қарағанда, Кремль енді көп ұзамай Ресейдің Украинамен шекарадағы облыстарында бүкіл елді қамтитын «соғыс жағдайын» жариялайды.
«Генерал СВР-дің» хабарлауынша, Ресей лидері Үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласып кету қаупін туғызып отырған соғыстың негізгі дем берушісі.
Путин өзімен бірге молаға миллиондаған адамды алып кетуге қатты ынталы болып отыр. Оның бұл тілегінің орындалатыны не орындалмайтыны сіздер мен біздерге байланысты.
Енді жаңа территорияларды қосып алу мен мобилизация туралы хабарландырулар туралы айтсақ, АҚШ пен оның антипутиндік одақтас елдері Ресей президенті Украина территориясының бір бөлігін Ресейге қосып алуға әрекеттенген жағдайда қарсы жауап берілетінін ескертті, – деп жазды.
Telegram-арна Батыстың Украина Қарулы күштеріне 300 шақырымнан асатын нысаналарға дәл тиетін жаңа қаруларды атқылай алатын қаруларды пайдалануға рұқсат беретінін атап өтті.