Ол өзіне қатысты қылмыс іс туралы ащы шындықты айтады
Статистка агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Мешімбаева кезінде өзіне қарсы қозғалған қылмыстық іске қатысты тың деректі айтты.
Ол «...Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында әңгіме арасында өзін саяси ойынның құрбаны болғанын мәлімдеді.
Сұхбатта ол интервьюердің экс-премьер Кәрім Мәсімовке қатысты сұрағына жауап береді.
«Менің ісім бойынша тергеушілердің негізгі көздегені сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімов болды. Менің екі орынбасарым қамауға алынды. Олардың басына қап кигізіп, премьер-министр екеумізге қарсы куәлік беріңдер деп талап еткен», – деді ол.
Одан әрі Анар Мешімбаева экс-премьер туралы ойын былай жеткізді.
«Тендерді ұтып алған компания салық төлемей, ақшаны қолма-қол алған. Қаржы полициясы сол ақшаны премьер-министр екеуімізге пара ретінде берді деп ойлаған. Билікте үнемі кімнің командасы билікке келеді деген күрес болып жатады ғой. Журналистер оны жақсы біледі. Кәрім Мәсімов ол кезде тек қана премьер-министр емес, президенттің көмекшісімен деп айтып жүретін. Ол президентке өте жақын болған соң, алыстату үшін жасалды» – деді сұхбат беруші.
Анар Мешімбаева Статистика агенттігін 2007-2009 жылдар аралығында басқарған. Ал 2013 жылы оған 2009 жылы өткен халық санағына бөлінген 700 млн теңгеден астам ақшаны ұрлады деген айып тағылды. Алайда ол кінәсын мойындаған жоқ.
Бес жыл түрмеде отырып, бостандыққа рақымшылықпен шыққан экс-төраға қолдан жасалған іс бойынша толық ақталуды талап етемін дейді. Алайда Мәсімовты көздеп, Мешімбаеваны түрмеге отырғызу кімге керек болды сұрақ туындайды.
Бұдан басқа сұхбатта Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы мемлекеттік қызмет, өзіне қатысты қылмыс іс және түрмедегі өмірі туралы ащы шындықты айтады. Ол 2009 жылдың халық санағына бөлінген 700 млн теңгеден астам ақшаны кімнің ұрлағанын, оны түрмеге қаматуға кімнің пәрмен бергенін, тергеушілер оның орынбасарларынан қандай түсініктеме талап еткенін, бес жылға созылған түрмедегі азап пен қазіргі күнделікті өмірі туралы баяндайды.
Анар Мешімбаева түрмеде отырғанда «Өмір сынақ» деген кітап жазған. Сұхбатта осы еңбегі туралы да айтады.
Ашық сұхбаттың толық нұсқасын төменде жарияланған видеодан көре аласыздар.