Halyq Uni логотип
×

Президент Google-да жұмыс істейтін қазақ қызына қызмет ұсынды

Америкада жақсы. Бірақ Қазақстан деген керемет қой, - деді Тоқаев

 Дастан Жұмабекұлы 20.09.2022 | 10:23
Президент Google-да жұмыс істейтін қазақ қызына қызмет ұсынды
Фото: yessenovfoundation.org

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа сапары кезінде шетелде тұратын әрі әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істеп жатқан 400 қазақстандықты біріктіретін Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен кездесуде Google-дың қызметкері Арай Сабыржанға қызмет ұсынды.

Кездесуде Google-дің инженер-программисі Арай Сабыржан Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік IT компаниядағы жұмысынан алған әсерін айтты.

«Мен Алматы қаласынының тумасы боламын. 2017 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде компьютер саласынан «бакалавр» дәрежесін алдым. 2018 жылы Сан-Франциско қаласына келіп, біраз стартап компанияларда жұмыс істедім. Қазіргі күнде Google компаниясында виртуалды машиналардың бағдарламашысымын», – деді А.Сабыржан Нью-Йоркте мемлекет басшысымен кездесуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев Google компаниясымен келісімшарты қай мерзімге жасалғанын сұрады. Арай Сабыржан келісімшарт толық мерзімге жасалғанын айтты.

Әңгіме барысында президент оған Қазақстанға қайтып келуді ұсынды.

«Америкада жақсы, бірақ Қазақстан деген керемет қой. Мен Қазақстанда істей аласыз деп ойлаймын», –  деді Мемлекет басшысы.

Бейресми жағдайда өткен кездесуде Қазақстанда ІТ саласын дамыту перспективалары мен қазіргі әлемдік үрдістер талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде Әділетті Қазақстан дарынды жастарға  жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты. Ол Digital Nomads өкілдеріне табыс тілеп, олар еліміздің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама