×

Балтық елдері мен Польша ресейліктерге шекарадан өтуге тыйым салды

РФ азаматтарына Еуропаға бару қиындады

 Дастан Жұмабекұлы 19.09.2022 | 15:47
Фото: anna-news.info

Бүгін түнгі 00.00-ден бастап қолында жарамды Шенген визасы бар Ресей азаматтары Балтық жағалауы мемлекеттеріне кіре алмайды.

«Первый канал» телеарнасының хабарлауынша, бүгін Литва сеймінің 13 қыркүйектегі шешімі күшіне енді. Литван Республикасында Украинадағы соғысқа байланысты жарияланған төтенше жағдай 15 желтоқсанға дейін ұзартылды. Енді Ресей азаматтарының қолдарында жарамды визасы болса да, елге кіруге тыйым салынады.

Бұл талапты Польша мен Балтық жағалауындағы басқа елдер де қолдады. Осы ретте, Литва ресейлік дипломаттарға, оппозиция өкілдеріне, Еуропа одағының мемлекеттеріне жүк тасымалдауымен айналысатын компаниялардың қызметкерлеріне кіруге рұқсат берілген. Сондай-ақ рұқсат ЕО-ға мүше елдерде тұруға рұқсаты бар немесе одаққа мүше елдердің азаматтарының отбасы мүшелеріне беріліп отыр.

Литва Ішкі істер министрлігі жанындағы Мемлекеттік шекараны қорғау қызметінің хабарлауынша, тамыз айында Ресей Федерациясының 83 мың азаматы Литваның шекарасынан өтіп, Калининград облысына транзитпен өтіп келген. Биылғы жылдың басынан бері Литваға 395 мың ресейлік келсе, оның 180 мыңнан астамы транзитпен шекара асқан. Шенген кодексінің талаптарын сақтамағандықтан 861 адам Литваға қайтып жіберілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама