Апаттың екінші қатысушысы оқиға орнынан қашып кеткен
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов жол-көлік оқиғасына түскен Lexus LX 570 автокөлігінің рөлінде өзі отырмаған. Оның сөзіне қарағанда, көлікті жүргізуші айдаған. Экс-әкім болса көлікті ешқашан жүргізбейді екен.
Қозғалыс кезінде екінші «Лексус» Бақауов мінген көлікті басып озып, алдында келе жатқан «ГАЗельмен» соқтығысқан, дейді Pavlodarnews.kz.
Джип жүргізушісі оқиға орнынан ғайып болды - бұл, әрине, дұрыс емес. Есікті әзер аштық, өртенуіміз де мүмкін еді. Менің жүргізушім жолшыбай өткен машинаға мініп, «Лексусты» қуып жеткпек болған. Бұл бекер болды, - дейді Бақауов.
Экс-әкімнің айтуынша, артынша Lexus LX 470 жүргізушісі «отбасымен бірге келе жатқандықтан шошып кеткенін» айтқан көрінеді. Одан кейін трассадағы бір жақты қозғалыстан оқиға орнына кері бұрылып келе алмаған. Аталған маневрді Шідертіге жеткенде ғана жасап, қайта оралған.
Бәрі аман, бастысы сол , – деді Бақауов.
Оның облыс аумағы мен одан тыс жүріп-тұруына келсек, экс-әкімнің шартты жазаны өткеруі оның Қазақстан аумағында қозғалуына шектеу қоймайды. Бастысы - өңірлік пробация қызметін уақытылы хабардар ету керек.
Үш автокөлік қатысқан жол апаты 14 ақпанда сағат 19:00-де «Павлодар-Қызылорда» трассасының 159-шақырымында, Бәйет ауылының маңында болған. Полиция өкілдерінің мәліметінше, жүк көлігі медициналық көмекке жүгінген. Аталған факт бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр.
2020 жылғы мамырда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Оның жаза мерзімі 2023 жылғы тамызда аяқталады. Осыған дейін бұрынғы шенеунік жазасын жеңілдету жөнінде екі рет сотқа арыз түсірді. Алғашқысын өзі қайтарып алса, екіншісін сот қанағаттандырмады. Ол өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылған.