Көптеген қазақтар еврейлердің өмірін сақтап қалу үшін өз басын қатерге тікті
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде Американың ірі еврей ұйымдары президенттері конференциясы төрағасының атқарушы орынбасары Малькольм Хонлайн сөз сөйлеп, елімізде антисемитизмнің көріністерінің жоқ екенін атап айтты.
Қазіргі кеде ғаламтор жеккөрушілік, алалау мен жалған ақпараттың таралуына ықпал етіп отыр. Әрине, интернеттің жағымды жақтары да бар. Сондықтан біздің білім беру мекемелері өз тәжірибелерімен бөлісуі керек, бір-біріміздің тәжірибемізді үйренуіміз керек. Осы ретте Қазақстан біздің бәрімізге қай жағынан алсақ та үлгі бола алады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстан 100 мыңнан астам еврейді жылы қабылдады. Көптеген қазақтар еврейлердің өмірін сақтап қалу үшін өз басын қатерге тікті. Қазақстанда антисемитизм жоқ. Бұл өңірдегі көрші елдерге де қатысты. Біз Қазақстанның үлгісін зерттеуіміз керек, жеккөрушілік, қақтығыстар мен зорлық-зомбылық белгілерін көргенде үнсіз қалмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Діни көшбасшылар да ешқандай сиқырлы формула жоқ екенін түсінуі керек. Жауапкершілік барлығына жүктеледі, – деді Малкольм Хонлайн.
Бүгін – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің соңғы күні. Түстен кейін съездің салтанатты жабылу рәсімі өтеді.