Қазақстан мен Ресей арасында білім беру саласында бірқатар құжатқа қол қойылды
Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Қазақстанда Ресей университеттерінің филиалдарын ашуға қатысты сын-пікірлерге жауап берді.
Вице-министр көбінесе субъективті және біржақты пікірлер айтылып жүргенін еске салып, егер конструктивті сын болса, сарапшылардың ақылға қонымды талдауы болса, оған әрдайым ашық екенін жеткізді.
Қуаныш Ерғалиев білім беру секторын жақсарту бойынша Қазақстан мен РФ арасындағы серіктестіктің бірқатар негізгі қағидаттарын түсіндіріп өтті.
Біріншіден, стратегиялық серіктестік, ең алдымен, екі тарап үшін де өзара тиімді ортақ мақсаттар мен мүдделерге қол жеткізуге бағытталған. Өткен күндері Мемлекет басшысының жұмыс сапары аясында қазақстандық делегация құрамында Мәскеуге барып қайттым. Сапар барысында ресейлік әріптестермен бірқатар маңызды келісімге қол жеткізіп, соның ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен РФ ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум ҚР аумағындағы жетекші ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды, сондай-ақ, өз кезегінде Ресейде де қазақстандық ЖОО өкілдіктерін тең негізде ашуды көздейді, бұл екі тарап үшін де тепе-тең құқықтар мен ортақ жағдайларды туғызады.
Екіншіден, мемлекет тарапынан білім беру қызметін лицензиялау ережелеріне сәйкес барлық стандарттар мен сапа деңгейі сақталады. Яғни, ҚР аумағында филиалдарды ашқан кезде ресейлік жоғары оқу орындары маман даярлау жөніндегі қазақстандық лицензиялау ережелерін ескере отырып, қос лицензиялау көзделетін болады. Бұл екі елдің өзара мүдделері ескерілетін екіжақты тиімді ынтымақтастықтың айқын көрінісі.
Үшіншіден, мен бұған дейін де инженерлік-техникалық бейіндегі жоғары білікті кадрлардың қажеттілігін ескере отырып, Қазақстандағы жетекші ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдар желісін кеңейту және Ресейде «Болашақ» бағдарламасы Centre for International Programmes - Bolashaq бойынша мамандар даярлау жоспарланғанын жазған едім. Алайда, бұл біздің студенттер әлемнің жетекші оқу орындарында оқи алмайды деген сөз емес. Қазақстандық студенттер ресейлік ЖОО қоса, әлемнің 27 елінің 200-ден астам университеттерінде үздік білім алу мүмкіндігіне ие. Яғни, біздің студенттер үшін РФ университеттері ЖОО таңдау кезінде қосымша балама болып табылады.
Төртіншіден, инженерлік дамудың қалыптасу кезеңінде Ресей әлемдегі жетекші инженерлік державалардың үштігіне кірді. Барлығымыз тарихтан ұзақ уақыт бойы Кеңес Одағының, содан кейін Ресейдің аэроғарыш, зымыран, ядролық физика және инженерия саласындағы көшбасшы болғанынына куә болдық. Тіпті, бүкіл дүниежүзі үшін спутник адамзаттың жаңа әрі ғарышты жаулап алу дәуірінің айқын бейнесі болды. Бүгінгі таңда ресейлік мамандардың технологиялық жетістіктері артып келеді. Тиісінше, ресейлік оқу орындарында кадрлар даярлау батыстық білім деңгейінен еш кем түспейді деп білемін.
Бесіншіден, Ресей университеттерінде алған білім шетелде жоғары бағаланады. Өз тәжірибемнен айтар болсам, АҚШ-та оқып жүргенімде, мен іргелі білімнің арқасында магистратура және PhD бағдарламалары бойынша оқуын сәтті жалғастырып жүрген көптеген ресейлік түлектерді кездестірдім. Батыс университеттері ресейлік студенттердің негізгі білімін бағалайтынына бірнеше рет назар аудардым, яғни бұл алған білімнің бәсекеге қабілеттілігінің тағы бір дәлелі. Сондай-ақ, Ресей университеттерінің дипломдары әлемнің көптеген елдерінде растауды қажет етпейді.
Еске салайық, 10 ақпан күні Мәскеудегі келіссөз қорытындысы бойынша білім беру, теміржол, цифрландыру, ғарышты игеру және атом энергетикасы салалары бойынша мамандар даярлауға қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды.
Қол қойылған құжаттар тізімі: