Halyq Uni логотип
×

Мәжіліс депутаты кейбір мұғалімдерді біліктілік тестінен босатуды ұсынды

30 жылдан артық өтілі бар оқытушыларды тестілеуден босату керек

 Дастан Жұмабекұлы 07.09.2022 | 17:32
Мәжіліс депутаты кейбір мұғалімдерді біліктілік тестінен босатуды ұсынды
фото: ашық дереккөз

Парламент Мәжілісінің депутаты Зарина Камасова 30 жылдан артық өтілі бар мұғалімдерді біліктілік тестен босатуды ұсынды.

Ол Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке жолдаған депутаттық сауалында Мемлекет басшысының өз жолдауында әділетті Қазақстанды құруда мектеп мұғалімдерінің жұмысының маңыздылығын айтқанын, ал қазір Ұлттық біліктілік тестілеу жүйесі педагогтерге мүмкіндіктен гөрі кедергілер жасап жатқанын жеткізді.  

Осыған байланысты ол мұғалімдерге Ұлттық біліктілік тестке алдын ала дайындалу мүмкін еместігін мәселе етіп көтерді. Оның айтуынша, мұндай тестілеудің түрі жеке бизнеске айналған. Оның бағасын кез келген мұғалімнің қалтасы көтере бермейді. Ал кейбір педагогтер үшін алдын ала тестілеу тәсілі мен мерзімі қолайсыз.

Осыны негізге алған депутат Ұлттық біліктілік тестін өткізу тәртібіне өзгеріс енгізуді ұсынды. Соның аясында 30 жылдан артық өтілі бар мұғалімдерді тестілеуден босату туралы ұсынысты нақты нормативтік-құқықтық актіге көшіру, біліктілік санатын тағайындау кезінде ұлттық тестілеу нәтижесі ескерілуі міндетті санаттарды айқындау ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама